Хабарландыру -Конкурс жарияланған лауазымның атауы: «Кербұлақ аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі лауазымдық қызметі » Кербұлақ ауданының білім бөлімі
Русский   Қазақша
Регистрация
» » Хабарландыру -Конкурс жарияланған лауазымның атауы: «Кербұлақ аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі лауазымдық қызметі

Хабарландыру -Конкурс жарияланған лауазымның атауы: «Кербұлақ аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі лауазымдық қызметі

9-11-2020, 16:20

Конкурс жариялаған білім беруді басқару органының атауы: 

«Кербұлақ аудандық білім бөлімі» ММ

Конкурс жарияланған лауазымның атауы: «Кербұлақ аудандық білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі лауазымдық қызметі.

Мекеменің толық атауы және орналасқан жері:

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, "Кербұлақ аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі. 

Лауазымға орналасу үшін кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Білім туралы»  Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567Жарлығыменбекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң «Әдеп» кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы «Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы» №9 бұйрығы, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, білім бөлімінің  ережесі  мен регламентін,  облыстық білім басқармасының, аудан басшысының бұйрықтарын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Сектор меңгерушісі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және босатылады.

Сектор меңгерушісі жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін, облыс, аудан әкімінің үкімдерін, шешімдерін, бұйрықтарын, сонымен қатар, бөлім Ережесін басшылыққа алады.

Сектор меңгерушісі тікелей бөлім басшысына бағынады.

 «Кербұлақ аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісіне тікелей бағынатын лауазымдар тізбесі: жалпы орта білім беру және тәрбие жұмысы секторының бас мамандары. 





 Лауазымдық міндеттері: 

1. Облыс,  аудан әкімінің және  әкімнің  орынбасарының   білім беру  мәселелеріне қатысты бар шешімдерінің, үкімдерінің жүзеге асыруына  бақылау жасайды. Бөлімнің жоспарлау мәселелеріне жетекшілік етеді, дамыту перспективасы мен Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Балалардың құқықтарын қорғау» «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдары, осы мәселе жөніндегі басқа да нормативті құжаттардың, бөлім қызметінің ағымдағы және ұзақ мерзімді жоспарларының орындалуын жүзеге асыруға; Бөлім қызметін ұйымдастыру-ақпараттық жұмысын қамтамасыз етуге; Бөлімнің жылдық, тоқсандық, айлық, апталық жұмыс  жоспарын  және  жасалған  жұмыс есебін  дайындауға  басшылық  жасауға; 

2. Бөлім мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру, жалпы орта білім мен тәрбие беру жұмыстарын жүргізуге бақылау жасауға;

3. Педагогикалық тамыз конференциясын, ұстаздар мерекесін және басқа білім саласына қатысты жиындарды дайындауға, білім берудегі сыртқы бақылау қызметіне, мектеп бітіру мемлекеттік емтихандардың өткізілуін қадағалауға, тиісті мерзімде білім беру ұйымдарын профилактикалық тексеру өткізу шараларына дайындықты қамтамасыз етуге;

4. Аудандық пән олимпиадаларын, ғылыми жарыстарын, байқауларын өткізуін қадағалауға;

5. Меншік нысан­дарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан аудан бойынша жалпы орта білім беру мәселелерін ұйымдастырып, шешуге;

6. Сектор меңгерушісі жұмыс тәжірибесі келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) Бөлім қызметін ҚР «Білім туралы» Заңының орындалуы мен аудандағы білім беруді дамыту мәселелерін бақылауды іске асыруға, белгіленген тәртіппен мемлекеттік стандарттар бойынша білім саласындағы мемлекеттік бірыңғай саясатты қамтамасыз етуге бағытталған білім сапасына сараптама жасауға, оны бақылауға жүзеге асырудың негізгі механизмдерін үйлестіруге;

2) 2020-2025 жылдары арасындағы білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының орындалуын басшылыққа алып, оны орындау бағытын құрастырып іске асыруға; бөлімнің стратегиялық, жылдық жоспарларын жасап, орындауын қамтамасыз етуге;

3) Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне статистикалық есеп тапсыру, жылдық статистикалық есептерді тиісті органдарға беруге, ауылдық елді мекендер туралы статистикалық мәліметтерді жинақтауға, осы мәселелер және бөлімнің жалпы жұмыстары бойынша бөлімнің сайтына жүйелі түрде ақпаратты жаңартып беруін қамтамасыз етуге;

4) Бөлімнің Кеңес мүшесі және оның отырыстарында қарайтын мәселелерді қадағалауға;

5) Білім саласының жалпы төлқұжатын дайындауға қатысуға;

6) Бөлімдегі көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтерді бақылап, қадағалауға;

7. Өзіне бөлінген мәселелері бойынша нормативті құжаттардың жүргізілуін жүзеге асыруға;

8. Білім мекемелерін лицензиялауды ұйымдастыруға;

9. Барлық білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие үрдісіне жауап беруге;

10. Келіп түскен өтініштер мен шағымдарды қарастыруға міндетті.

11. Бөлім басшысы іс-сапармен және басқа жағдайлармен қызметте болмаған аралықта міндеттерін уақытша атқару жүктеледі.

Лауазымдық жалақы мөлшері –133.789  тг;

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орны: Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі №12 үй, «Кербұлақ аудандық білім бөлімі» ММ, Анықтама телефоны: 31-4-34, 32-8-68. Құжаттарды қабылдау хабарландыру шыққан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен соң тоқтатылады.


Кербұлақ аудандық білім бөлімі





Пожаловаться
Автор: admin13
Прочитали - 44
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать