Главная > Жаңалықтар > Ж.Жапаров атындағы орта мектеп

Ж.Жапаров атындағы орта мектеп


17-12-2022, 20:36. Разместил: admin
Ж.Жапаров атындағы орта мектеп.
Мектеп салқын.

Бірнеше ата-ана болып жиналып, бұл мәселені көтеруімізге тура келді. Директорға мектептің суықтығы білінбейді, өйткені ол өз кабинетіне жылытқыш қойып алған. 

"Ұлым былтыр бір жағдайлардың салдарынан денсаулығына зиян келді. Біршама уақыт ауруханада, үйде жатып емделді. Әрең дегенде аяққа тұрды. Енді оқу басталып, мектепке барған кезде ол жақ суық болып шықты. Ертең баламның суықтап, қайта ауырып жатса, оған кім жауап береді? Үйде ол үшін жанымды шүберекке түйіп отырамын. Ол жылы жерде ғана отыруы керек. Ал сыныптың ішінің салқындығы даламен бірдей. Бұл не сұмдық?" 

Коронавирусқа енді мектептің суықтығы қосылды, оқу басталғалы бері баламыз қазір аурудан көз ашпады.
"Қазір сыныптағы барлық балаларға шеттерінен тұмау тиіп, ауырып жатыр. Үйден оқудан жалығып, енді мектепке барғанда, міне, осындай жағдай орын алуда. Жылда бұл мәселе қайталанатындықтан биыл ата-аналар болып шулауымызға тура келді. Сыныптардың іші былайша айтқанда "аңырап" тұрады. Мектептегілер ғимараттың ішіндегі температура нормаға сай дейді. Бірақ өз басым бұған сене алмаймын. Ең қызығы, балалар мұздап, сыртқы киімдерін кисе, шешкізіп тастайтын көрінеді.
Вернуться назад